алматинское жигулевское
H1
Caspian Beverage Holding (Каспиан Беверейдж Холдинг), АО'

Компания тарихы 1964 жылы басталды. Сол уақытта ол «Сусындар» өндірістік бірлестігі» деп аталған. 24 жылдан соң ҚазССР мемлекеттік ауылшаруашылық-өнеркәсіп комитетінің бұйрығымен компания Алматы шарап өнеркәсібі өндірістік бірлестігінің базасында жұмыс істей бастады. Бұл өндірістік қуаттылықты арттыру мен кеңейтуге мүмкіндік берді: компания иелігінде сыра өндіретін 2 цех, ликер-арақ өндіретін цех, алкогольсіз өнімдер өндіретін және шампан мен шарап өндіретін цехтар болды.

КОМПАНИЯ ТАРИХЫ
1996
1996 және 1997 жылдар өзгерістер кезеңі болды. 1996 жылы ҚР Мемлекеттік мүлік комитеті «Сусындар» ӨБ ірі цехтарының басым бөлігін сатып жіберді, кәсіпорында тек сыра және алкогольсыз өнімдер өндіретін 2 цех қана қалды. Осыдан соң «Сусындар» ӨБ ашық түрдегі акционерлік қоғамы - «Сусындар» АТАҚ болып қайта құрылды.
1999 жылы мамырда компания атын өзгертіп, «Сусындар» ААҚ атала бастады. Компания жаңа жүзжылдықты жаңарған күйде қарсы алды. Ол барлық жабдықтарды ауқымды түрде жаңғырту жұмыстарын жүргізді, өнім жиынтығын жаңғыртты және жаңа маркетингтік саясатпен жұмыс жасай бастады.
2006 жылы компания «Caspian Beverage Holding» АҚ жаңа атауына ие болды. Бір жылдан соң компанияны өркендету аясында «Caspian Beverage Holding» АҚ Астанадағы сыра жасау зауытын сатып алды. Ауқымды жаңғырту жұмыстары тек компанияның өндірістік бөлігіне ғана әсер етіп қоймай, сондай-ақ әкімшілік бөлігіне де ықпалын тигізді.

Жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында корпоративтік басқару стандарты енгізілген, сондай-ақ айырықша корпоративтік мәдениет қалыптастырылды.
1999
2006
2008 жылы сәуірде «Caspian Beverage Holding» АҚ бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асырды және ол Алматы қаласы аймақтық қаржылық орталығы сауда алаңының ресми тізіміне қосылды.С санатында компания листингтік болып табылады және KASE валюта биржасының қатысушыларының тізіміне кіреді.
2008
2010 жылы «KZRating» рейтингтік агенттігі «Caspian Beverage Holding»АҚ «ВВ» кредиттік рейтингісін берді және «тұрақты» болжамын ұсынған.

Рейтингті негіздеуші факторлар: бәсекелі брендтердің болуы, бірқалыпты борыштық жүктеме, түсімнің тұрақты өсімі және қалыпты операциялық тиімділік болып табылады.
БАСТЫ
2010
БІЗДІҢ БРЕНДТЕР
Галерея
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
Бүгінгі күні «Caspian Beverage Holding» АҚ «Алматинское Жигулевское», «Нефильтр», «Ячменное», «Экспортное» сыраларын, «Настоящий Буратино» газдалған лимонады мен «Компотай» газдалмаған сусынын шығарады, сондай-ақ бөлшек саудамен айналысады.

Біздің компанияның мақсаты тек сүйікті іспен айналысу ғана емес, сондай-ақ түрлі әлеуметтік институттар мен жобаларды дамыту. Біз Қазақстанның дамуында оны тек сапалы өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ білімділік, қайырымдылық және басқа да қоғамдық маңызды жобаларды іске асыра отырып, өз үлесімізді қосамыз. Біздің басты жетістігіміз – бұл ерен еңбегіміздің мойындалуы. Компания жұмыс істеген уақыттан бері халықаралық көрмелерден көптеген марапаттар жеңіп алды және клиенттер мен серіктестердің көпшілігінің оң пікірлерін иеленді.
АЛМАТЫ Қ. ГОГОЛЬ 211
2017
©Сopyright 2023. Барлық құқықтар сақталған